Сағат 05:00-де құтқарушылар 2007 және 2009 жылы туған екі азаматты тапты
Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлі маңында түнде кезекті құтқару операциясы жүргізілді. Теңіз деңгейінен шамамен 2500 метр биіктікте бағытынан адасып қалған екі жас жігітке көмек қажет болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары жедел түрде іске кірісіп, адасқандармен байланыс орнатты және олардың орналасқан жерін дәл анықтады.
Түнгі іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде, сағат 05:00-де құтқарушылар 2007 және 2009 жылы туған екі азаматты «Эдельвейс» туристік базасының шлагбаумына дейін аман-есен қауіпсіз жерге түсірді.
Жастардың денсаулығына зиян келмеген, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.