Доллар қайта қымбаттап барады: 11 қыркүйекке арналған ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,91 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда сессиясындағы көрсеткіштен 0,56 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 11 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 доллар 450,79 теңгеге тең.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 450,79 теңгеден сатып алып, 452,98 теңгеден сатып жатыр. Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 448 теңгеден сатып алып, 455 теңгеден сатуда.

Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 450,69 теңге болса, сату бағамы 452,81 теңгені құрайды.