Қазақстанда ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтау мүмкіндігі артып келеді
Қазақстанда жасанды интеллект медициналық диагностикада нақты нәтижелер беріп, оны қолдану аясы кеңейіп келеді. Қазір технология 15 өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарда өкпе және сүт безі обырын ерте анықтауға көмектесіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сүт безі обырын анықтау 32%-ға дейін өсті, скринингтік бағдарламаларды жүргізу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Зерттеулер саны 4 есеге өсті, ал радиологтың бір зерттеуге жұмсайтын жұмыс уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды», – деді WDSOFT өкілі Ерлан Жәнібеков.
ЖИ эндоскопияда да қолданылады. Колоноскопия кезінде жүйе дәрігерге эпителий түзілімдерін байқауға көмектеседі, өйткені, оларды визуалды тексеру кезінде көрмей қалу ықтималдығы басым.
«ЖИ көмегімен бөгде дене анықталғаннан кейін эндоскопист дәрігер биопсия алу немесе бөгде денені жою қажеттігі туралы шешімді өзі қабылдайды. Бұл тәсіл бөгде дененің одан әрі дамып, қатерлі ісікке айналуына жол бермей, оларды ерте кезеңде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Эндоскопия департаментінің басшысы Мейрам Құсайынов.