10.09.2026, 14:49
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар бағамы күннен күнге құлдырап барады
Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы жарияланды
Фото: freepik.com
Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы бүгін, 10 қыркүйекте төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 449,84 теңге, сатудың орташа бағамы – 452,24 теңге.
Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 448,03 теңгеден сатып алып, 455,04 теңгеден сатылып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 450,43 теңге, сату бағамы 452,69 теңге болып отыр.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 456,89 теңге.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды