Құны 207 млн теңге: Қостанай облысында орманның бір бөлігі жекеменшікке өтіп кеткен

Орманның бір бөлігі тиісті мақсатта пайдаланылмағаны анықталды

Құны 207 млн теңге: Қостанай облысында орманның бір бөлігі жекеменшікке өтіп кеткен
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының Алтынсарин ауданында жалпы кадастрлық құны 207 миллион теңге болатын орман қорының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, Алтынсарин ауданының прокуратурасы орман заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Орман қорының жекелеген учаскелері ұзақ уақыт бойы тиісті мақсатта – сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланылмағаны анықталды.

«Орманның бір бөлігі 2007 жылы берілген, бірақ іс жүзінде пайдаланылмаған, осылайша туризмнің дамуына кедергі келтірген. Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижелері бойынша жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Болашақта олар инвесторларға туристік жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылым құру және аумақты дамыту үшін ұсынылуы мүмкін», – делінген хабарламада.