КҚК терминалындағы «дронға қатысты оқиғаға» Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Автор: Алмас Ерсін

Тексеруден кейін терминалда мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде қайта жалғасты

Фото: КҚК баспасөз қызметі

Энергетика министрлігі КҚК теңіз терминалында ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты оқиғадан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2026 жылғы 8 қыркүйекте КҚК терминалының маңында болған. Осыған байланысты ВПУ-3 және ВПУ-2 құрылғыларының жұмысы тоқтатылды.

«КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлердің жағдайына қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін тиеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін ескертулер анықталған жоқ. Қоршаған ортаға әсер ету фактілері тіркелмеді», – деп мәлімдеді  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеруден кейін мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде қайта жалғасты. Қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ.