Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)

Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан әйел адам жауапқа тартылды

Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
Фото: freepik.com; видеодан скрин

Ақтөбеде бір топ жігітпен жеке қалып, TikTok арқылы тікелей эфирде былапыт сөйлеген әйел адамға сот шара қолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның тексеруі барысында видеожазбаның авторы Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны Мөлдір Әуезова екені анықталды.

«Полиция қызметкерлері жинақталған материалдар негізінде оның әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалда балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағанын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағанын анықтады. Аталған факті бойынша Мөлдір Әуезова әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция әлеуметтік желілер де баршаға ашық қоғамдық орта екенін еске салады. Сондықтан әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар мен қолданушылардың әрекеті Қазақстан заңнамасының талаптарына сай болуы керек.