Бұл туралы облыс әкімігінің ресми сайтында хабарланды
Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен, Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
«Басқарма басшысының міндетін атқару Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді», - делінген хабарламада.
Марат Жұманқұлов облыста басқарма басшысы болып 3 жыл қызмет атқарды, ол аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.