Нөсер, найзағай: 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Елдің батысында нөсер жаңбыр мен бұршақ күтілсе, кей өңірлерде күн +35°C-қа дейін ысиды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанда 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады, күндіз кей жерлерде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +20...+22°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +21...+23°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +33...+35°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +28...+30°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +26...+28°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +29...+31°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +17...+19°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +27...+29°C.