Тоқаев Бразилия президентін құттықтады

Автор: Алмас Ерсін

Тоқаев Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 «Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.