Олар биыл сәуір, мамыр айларында жындыханадан қашып кеткен
Алматыда жындыханалардың бірінен қашып кеткен екі адам бірнеше айдан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lider.kz волонтерлік желісі арнайы хабарлама жариялады.
Шахрай Нелли Александровна, 24.06.1989 жылы туған. Қазақстан, Алматы қаласы
Ол 16.04.2026 жылы сағат шамамен 09:00-де Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117 мекенжайында орналасқан «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-дан шығып кеткен.
Нелли Шахрайдың бойы – 167 см, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, ұзын. Бетінде бөртпе бар.
Киімі: қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар, көк түсті резеңке аяқ киім.
Ол психикалық дертке шалдыққан.
Антипин Денис Сергеевич, 07.09.1991 жылы туған. Алматы қаласы.
Ол 13.05.2026 жылы сағат шамамен 08:00-де Бостандық ауданы, Кейкибаев көшесі, 117а мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.
Бойы – 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, қысқа. Көзі қоңыр, сол көзінің маңында меңі бар.
Киімі: қара түсті кеудеше, ақ футболка, қара шалбар, қара түсті сланцы.
Психикалық дертке шалдыққан.
«Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласқан жөн: +7 705 105 31 31; +7 701 375 92 91 немесе 102», – делінген Lider.kz хабарламасында.
Агенттік тілшісі жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады.