Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті

Апат Брусилов мен Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған

Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті
Фото: © istockphoto.com

Алматы қаласының Алмалы ауданында жеңіл көлік пен шағын жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат Брусилов мен Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған. Жолда Deepal және Damas маркалы автокөліктері соқтығысты.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, Changan (Deepal) жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде «Жол бер» жол белгісінің талабын орындамай, қиылысқа шығып кеткен. Сөйтіп, басты жолда келе жатқан Damas көлігіне соғылған. Соққы салдарынан Damas аударылып қалды.

«Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жол апатының мән-жайын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», — деп хабарлады мегаполистің ПД баспасөз қызметі.