Алматы тауларында құтқарушылар зардап шеккен туристі эвакуациялады

Автор: Дәулет Ботагөз

Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктіктегі «Терра» алаңының маңында түнде төтенше жағдай болды

Фото: ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктіктегі «Терра» алаңының маңында түнде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Турист әйел тауда аяғын қайырып алып, өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылған. Осыған байланысты жедел түрде құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жетіп, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті. Арнайы құралдардың көмегімен оны таудан қауіпсіз жерге түсіру операциясы ұйымдастырылды.

Таудан төмен түсірілгеннен кейін турист әйел одан әрі емдеу және тексеру жүргізу үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Тегтер: