Жетісу облысында «Шеп-2026» халықаралық әскери оқу-жаттығуы өтеді

Шара 2026 жылдың 12–19 қыркүйегі аралығында өтеді

Жетісу облысында «Шеп-2026» халықаралық әскери оқу-жаттығуы өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

2026 жылдың 12–19 қыркүйегі аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 7–30 қыркүйек аралығында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады. Бұл уақытта жеке құрам мен техника Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағы арқылы жүріп өтеді.

Далалық сабақтар аясында бөлімшелер марш дайындығын, әскерді басқаруды және қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауды пысықтайды. Министрлік өкілдері «Шеп» оқу-жаттығулары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында ротациялық негізде өтетінін атап өтті.

«Азаматтардан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми мәліметтерге сүйенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», – делінген министрлік хабарламасында.