Қазақстанда облыс әкімінің орынбасары мен тағы 9 шенеуніктің былықтары әшкере болды
Прокурорлар 10 шенеунікті жазалады
Қазақстанда жолаушылар тасымалы бағыттарына қызмет көрсетуге арналған конкурстардың қалай өткізілгенін Көлік прокуратурасы тексерді. Тексеру кезінде кейбір өңірлерде конкурсқа қатысушыларға заңсыз кедергі жасалып, жекелеген тасымалдаушыларға негізсіз артықшылық берілгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл заңнама талаптары мен адал бәсекелестік қағидаттарын бұзуға әкеп соққан.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары мен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды, ал қалған лауазымды тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар белгіленді», – делінген хабарламада.
Жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.