Жасанды интеллект Астана-Теміртау тасжолында болған жол апаттарын түсіріп алды (ВИДЕО)
Тіркелген жол апаттарынан қаза тапқандар жоқ
Жасанды интеллект элементтері бар камералар Астана-Теміртау тасжолында жүріп келе жатқан көліктердің апатқа ұшырағанын тіркеді. Видеодан жүргізушілердің жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет етпей, тежегішті басып үлгерместен алда келе жатқан көліктерге соғылғанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай жағдайға жүргізушілердің қалғып кетуі, шаршауы немесе смартфонға алаңдауы себеп болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Тіркелген жол апаттарынан қаза тапқандар жоқ.
«Бұл кадрлар жол үстіндегі бірнеше секундтық алаңдаушылықтың өзі қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бірнеше секундтың ішінде ондаған метр қашықтықты жүріп өтеді. Мұндай жағдайда жүргізушінің қауіпті байқап, дер кезінде әрекет етуіне және соқтығыстың алдын алуына мүмкіндік азаяды», – делінген хабарламада.