Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қазақстанға алғаш рет келген Лаос президентін әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапары аяқталған Лаос президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды», – делінген Ақорданың хабарламасында.