Қазақстандықтардың банктерге қарызы 26 трлн теңгеден асты

Халықтың мерзімі өтіп кеткен несиелері 1,2 трлн теңгеге жетті

Қазақстандықтардың банктерге қарызы 26 трлн теңгеден асты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан халқының банктерге қарызы қазіргі уақытта 26 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы шілдеде қазақстандықтардың банктердегі жалпы несие қарызы 1,2%-ға өсіп, 26,1 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері халыққа берілген несиелер көлемі 5,5%-ға артқан.

Оның ішінде тұтынушылық несиелердің көлемі 0,7%-ға өсіп, 17,4 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 4,6%-ға артқан. Ал ипотекалық қарыз көлемі шілдеде 2,4%-ға өсіп, 7,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері ипотекалық қарыз 9,7%-ға көбейген.

«Несие алу да қымбаттай түскен. Маусым айында халыққа теңгемен берілген несиелердің орташа мөлшерлемесі 19,5% болса, шілдеде 20,3%-ға жетті. Ал тұтынушылық несие бойынша мөлшерлеме 22,5%-ға дейін өсті. Сонымен қатар 1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың мерзімі өтіп кеткен несиелері 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл барлық халық несиелерінің 4,7%-ына тең. Дегенмен бұл көрсеткіш бір айда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеген», – делінген агенттік хабарламасында.