Екі елдің басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.