Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455,4 теңгені құрады. Бұл өткен көрсеткіштен 2,97 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 2 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы 458,45 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 455,7 теңге, ал сатудың орташа бағамы – 457,81 теңге.
Астана қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 453 теңгеден сатып алып, 460 теңгеден сатып жатыр.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 455,58 теңгеден сатып алып, 457,62 теңгеден сатып жатыр.