Экологиялық теледебат: Шымкентте студенттер мен оқушылар «Таза Қазақстан» аясында пікірсайыс өткізді

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Шымкент әкімдігі

Шымкенттің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқанының аясында теледебат ұйымдастырып, пікіралмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызеті хабарлағандай, теледебат «Таза Қазақстан - жастар таңдауы» атты тақырыпта өткне. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, қазір қалада халықтың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған жоспарлы іс-шаралар үнемі өтеді.

Мәселен, мектеп пен жоғары оқу орындарында, колледждерде арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар, эко экскурсиялар тұрақты түрде өтіп жатыр.

«Осы орайда, Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Таза Қазақстан - жастар таңдауы» тақырыбында дебат өтіп, оқу орнының «Шамшырақ» дебат клубының өкілдері қоршаған ортаны қорғау тақырыбында сайысқа түсті», - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара жастарды тазалыққа үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланың тазалығына назар аударуды көздейді. Ойын барысында қатысушылар қос тарапқа бөлінді. Студенттер мектеп бағдарламасына экологиялық сабақ енгізу керек пе деген тақырыпта сайысқа түсті. Тазалық мәселесінде бір топ бұл ұсынысты қолдаса, екінші тарап қоғамда экологиялық іс-шараламен бұл мәселені шешу қажет деген пікірді алға тартқан.

«Құқықтану мамандығының студенті Батырбек Ержанұлы көшеде жүргенде тазалықты сақтау, қоқыс тастамау, көптеген экологиялық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамда экосананы қалыптастыруға болатынын айтады. Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Тарих пәнінің мұғалімі, дебат клубының жетекшісі Ернар Мырзабайұлының айтуынша, дебат клубының белсенділері қалалық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанып жүр», - деп хабарлайды әкімдік.

Студенттер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы білім сайысына белсене қатысып, таным көкжиектерін кеңейтті.