Ол таяқ тартудан сынға түсті
Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таяқ тартудан Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 3-орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, осыған дейін отандастарымыз VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алған.