Тоқаев «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды. Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.