Президент Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамитына сенім білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.
«Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.