Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал солтүстік пен орталықта үсік жүруі мүмкін
Қазақстан бойынша 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды. Бірқатар қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен орталығында салқын ауа райы сақталып, жекелеген аудандарда топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +12...+14°C болады. Топырақ бетінде −1°C-қа дейін үсік жүреді.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +21...+23°C болады.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C болады.
Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +23...+25°C болады.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +24...+26°C болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C болады.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +20...+22°C болады.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +14...+16°C болады.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +10...+12°C болады.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +22...+24°C болады.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +14...+16°C болады.
Қызылордада күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C болады.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +14...+16°C болады. Топырақ бетінде −1°C-қа дейін үсік жүреді.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +10...+12°C болады.
Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C болады.
Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C болады.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C болады.
Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C болады.
Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C болады.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +16...+18°C болады.