Тоқаевты стадионда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды
Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Бұған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ сапар аясында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысу жоспарланған.