Облыста 10 383 адам коронавирус жұқтырған
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 383 науқастың 7458-і, яғни, 72 пайызы сауығып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуға тиіс», – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.