Ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды
Ақмола облысының тұрғыны осыған дейін бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, ішімдікке сылқия тойып алып, қайта рульге отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотта ол бұған дейін көп мөлшерде ұлттық сусын – қымыз ішкенін айтып ақталмақ болған.
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
«Сотталушының кінәсін мойындағанын және оның жас балалары бар екенін ескере отырып, сот үкімімен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.
Астана қаласының прокуратурасы көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады, өйткені мұндай әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.