Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан супертанкер жарылып кетті: Иран мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

Иран өту және қозғалыс тәртібін сақтау міндетті екенін еске салды

Фото: Majid Asgaripour / WANA / Reuters

Иран әскери күштерінің мәлімдеуінше, Ормуз бұғазында рұқсат етілмеген бағытпен жүзіп өтпек болған супертанкер теңіз миналарына соғылып, өртеніп кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Tasnim басылымының ақпаратына сәйкес, минаға соғылған супертанкер туралы Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИРСК) өкілдері мәлімдеген.

«Бірнеше сағат бұрын бұғаздың оңтүстік бөлігінде белгіленген тәртіпті бұзып, заңсыз бағытпен өтуге әрекет жасаған супертанкер екі теңіз минасына соғылып, өртенді және қозғалысын толық тоқтатты», – делінген әскери күштердің мәлімдемесінде.

ИРСК әскери-теңіз күштері белгілеген өту және қозғалыс тәртібін сақтау міндетті екенін еске салды.

«Кеме қатынасымен айналысатын компаниялар америкалық әскерилердің арандатуына бой алдырмауы және экипаж мүшелерінің өмірі мен мүлкін негізсіз қатерге тікпеуі керек», – деп ескертті Иран әскері.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Ормуз бұғазын Иран тарапы орнатқан миналардан тазарту жұмысы жүргізілгенін мәлімдеген болатын.