Сегіз адам көз жұмған: Солтүстік Кипрде жолаушылар паромы суға батып кетті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Кеме жағалаудан алыс кетпей аударылған

Фото: видеодан скриншот

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының билігі Гирне портынан түріктің Ташуджу қаласына қарай жолға шыққаннан кейін көп ұзамай суға батқан теңіз паромының 20-дан астам жолаушысын іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы мәліметтер бойынша, паромда болған 267 жолаушы мен экипаж мүшесінің 237-сі құтқарылып, сегіз адам қаза тапқан. 

Солтүстік Кипр мен Түркия арасында күнде жүзетін бірнеше кеменің бірі Filojet катамаран-паромы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да теңізге шыққаннан кейін су өте бастаған. Бар болғаны төрт теңіз милін (6,5 км) жүріп өткен су көлігі аударылып кетті.

«Кеме өте жаман жүрді. Ол үнемі судан көтеріліп, қайтадан қатты екпінмен төмен құлап, қатты шайқалды. Үш-төрт минуттан кейін паром кенеттен ауаға көтеріліп, суға соғылды. Сол кезде сол жақ бортының алдыңғы жағы жарылып, ішке су құйыла бастады», - жолаушылардың бірі Эфе Мултичи.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының көлік министрі Эрхан Арыклының айтуынша, қазір хабар-ошарсыз кеткен 17 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару операциясына сүңгуірлер мен дрондар тартылған.