Өрт сөндірушілер 24 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада ауыздықтады
Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Ақдала елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалын үйдің шатыр жабындысының аралығынан тұтанған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері 24 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада ауыздықтады.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында тілсіз жаудың баспананың өзге бөлмелері мен көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Апаттан зардап шеккендер жоқ.