Депутаттар кеншілерге қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі
Құрылтай депутаттары елдегі кен өндіру және өнеркәсіп саласының қызметкерлерін Кеншілер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арман Қалықов көмір шахтасында жер астындағы кен жұмысшысы болып еңбек етсе, Алмат Әбдікешов кәсіби мансабын Анненский кенішінде шәкірт болып бастады. Сұңғат Есімханов бұған дейін электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі мәселелеріне жетекшілік етті. Ал Вадим Басин Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарға жетекшілік ететін Qarmet компаниясын басқарды.
Депутаттар құттықтауында еңбек қауіпсіздігіне, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және еңбек адамын құрметтеуге баса мән берді.
Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы жұмысшы мамандық иелерінің ел дамуындағы айрықша рөлін бірнеше рет атап өткенін еске салды.
Кеншілерге қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.