1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел су ортасында қалып қойған
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңындағы Каменское су қоймасында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел су ортасында қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су айдынында жүрген сәтте жел кенеттен күшейіп, соққан толқын салдарынан олар өздігінен жағалауға жете алмаған.
Оқиға туралы хабарлама түсісімен құтқарушылар жедел түрде көмекке жетті. ТЖД мамандары арнайы жүзу құралының көмегімен екі азаматты аман-есен жағаға жеткізді.
Олардың денсаулығына зақым келмеген, медициналық көмек қажет болған жоқ.