Туристер күн батып, қараңғы түсуіне байланысты бағытынан адасып, жолды өздігінен жалғастыра алмаған
Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары теңіз деңгейінен 4317 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңынан түсіп келе жатып адасқан үш қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туристер күн батып, қараңғы түсуіне байланысты бағытынан адасып, жолды өздігінен жалғастыра алмаған.
Құтқарушыларға ақпарат түскеннен кейін мамандар геолокация деректері арқылы бойжеткендердің нақты координаттарын жедел анықтап, іздеуге шықты. Адамдарды тапқан құтқарушылар оларды қауіпсіз бағытпен «Эдельвейс» туристік базасының шлагбаумына дейін аман-есен түсірді.
Қыздарға медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталған соң олар қауіпсіз жерге жеткізілді.