ТЖМ қызметкерлері 2019 жылы туған кішкентай балаға жедел көмек көрсетті
Көкшетау қаласында ТЖМ қызметкерлері 2019 жылы туған кішкентай балаға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баланың саусағы терезе жақтауындағы металл сақинаға қысылып, өз бетінше шығара алмай қалған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы құралдарды пайдалана отырып, баланың саусағын металл заттан абайлап босатып алды.
Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болған жоқ, жағдайы жақсы.