29 тамызда күн райы құбылады: бірнеше өңірге ескерту жасалды

Автор: Алмас Ерсін

Елдің бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ пен қатты ыстық күтіледі

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 29 тамызға Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен тұман күтіледі, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Петропавлда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде нөсер жаңбыр күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі болады.

Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Оңтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысында күндіз +37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда ауа температурасы +35 градусқа, Қонаевта +36 градусқа дейін көтеріледі. Қонаевта төтенше өрт қаупі де сақталады.

Жетісу облысында күндіз +37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Орталығында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі болады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі болады.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі болады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі болады.

Маңғыстау облысының батысында, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.