Қазақстан қалаларында 28 тамызда ауа райы қандай болады?

Автор: Алмас Ерсін

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Жаңбыр мен найзағай негізінен солтүстікте, сондай-ақ Астанада болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +34...+36°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +29...+31°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +16...+18°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +32...+34°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +25...+27°C.