Ақорда хабарламасы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда президенттің Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қаулысын жариялады.
«1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.