Оны жедел жеткен құтқарушылар аман алып шықты
Қарағандыда кәріз жүйесін тарту кезінде топырақ басып қалған жұмысшыны құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында болған. Кәріз жүйесін тарту жұмысы барысында 2003 жылы туған жұмысшы қазылған шұңқырда топырақ астында қалған.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар жұмысшылармен бірге су мен топыраққа толған шұңқырдан ер адамды шығарып алды.
Құтқару жұмысы аяқталған соң зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.