Биыл конкурсқа 23 мыңға жуық талапкер қатысты
2026-2027 оқу жылына магистратураға бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гранттар кешенді тестілеу нәтижесі бойынша конкурстық негізде тағайындалған. Биыл конкурсқа 23 мыңға жуық талапкер қатысып, олардың арасында ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер бақ сынады.
Магистратураға грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызды қоса алғанда аяқталуы тиіс.
Мемлекеттік білім беру грантына ие болғандардың толық тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланды.