ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір ол қамауда отыр

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала ақпарат бойынша, қыз алты жасынан бастап бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір оның жасы шамамен 14-те.

Полиция күдіктіні ұстаған. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс аясында сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.