Қазіргі уақытта жазу өшіріліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің үшінші көлінің маңындағы жартас беткейінде «Санкт-Петербург» деген жазу пайда болған видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгісіз біреулер жазуды табиғи нысанның жартасына үлкен етіп жазған. Полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Олар шетел азаматтары болып шықты.
«Полиция қызметкерлері Шалқардың үшінші көліндегі жартас беткейіне «Санкт-Петербург» деген жазуды қалдырған шетел азаматтарын анықтады. Құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес шара қолданылып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға түсіндіру жүргізілді. Қазіргі уақытта жазу өшіріліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция табиғи нысандарға ұқыпты қарау және қоршаған ортада болған ізін қалдырмау қажеттігін еске салды.