Төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 23:57-де келіп түскен
Алматының Алмалы ауданында өрт шығып, оны сөндіруге қосымша құтқарушылар мен арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 23:57-де келіп түскен. Өрттің Ади Шәріпов көшесіндегі нысандағы кабель шахтасында болғаны алдын ала анықталды. Оқиға орнына жедел штаб құрылып, құтқарушылар адамдарды эвакуациялау және қауіпсіз жерге шығару жұмысын жүргізді.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына жетіп, барлау жұмысын газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары арқылы жүргізген. Өрт ошағын анықтау үшін мамандар жылу түсіргіш құралдарды да пайдаланған.
24 тамызға қараған түні сағат 01:03-те өрттің толық сөндірілгені хабарланды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен келтірілген залал туралы ақпарат нақтыланып жатыр.