Маңғыстауда жол апатынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді

Автор: Асыл Арман

Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: Lada.kz

Маңғыстауда демалыс орындарының маңындағы жолда болған ірі жол-көлік оқиғасын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жол апаты кеше, 23 тамызда болды. Оқиға орнында түсірілген фото және видеолар жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрлардан жеңіл көліктердің соқтығысқаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірі соққыдан қатты зақымданған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары барған.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының (МОКБА) мәліметінше, оқиға орнынан қабылдау бөліміне төрт адам жеткізілген.

Медициналық тексеру нәтижесінде үш науқасқа кеуде қуысының соғылуы, ал бір адамға бастың үстірт жарақаты диагнозы қойылған.

«Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады аурухана.