Сайлауда дауыс бергендер саны 74,8 пайызды құрады
Орталы сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сайлаушылардың нақтыланған тізімге сәйкес, 12 млн 623 мың адамды құрады. Сайлауға тізімге енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы немесе 9 млн 351 мың 539 адам қатысқан», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
«Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауды 51 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде кандидаттардың, саяси партиялардың 7 331 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 24 889 байқаушысы, 182 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктен 26 887 байқаушысы, 7 мемлекеттің халықаралық ұйымдарынан 777 байқаушы қатысты», - дед ол.