Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтады
Сыртқы істер министрлігі Құрылтай сайлауында шетелде жүрген қанша қазақстандық дауыс бергенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтады.
«61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті», – делінген министрлік хабарламасында.