Үш экзитпол қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 70%-дан астам дауыс жинады

Автор: Алмас Ерсін

Үш зерттеуде де «Әділет» партиясы бірінші, «Ауыл» партиясы екінші орынға шықты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүргізілген үш экзитполдың нәтижелері белгілі болды. Зерттеу қорытындыларын «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қоғамдық саясат институты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүргізілген үш экзитполдың нәтижелері белгілі болды. Зерттеу қорытындыларын «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қоғамдық саясат институты ұсынды.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген экзитпол нәтижесі бойынша респонденттердің дауысы былай бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 70,7%;
  • «Ауыл» партиясы – 6,4%;
  • Respublica партиясы – 5,5%;
  • «Ақ жол» партиясы – 5,4%;
  • ЖСДП – 5,0%;
  • ҚХП – 3,2%;
  • «Байтақ» партиясы – 1,2%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,6%.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижесі:

  • «Әділет» партиясы – 71,8%;
  • «Ауыл» партиясы – 6,4%;
  • Respublica партиясы – 5,4%;
  • ЖСДП – 5,2%;
  • «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
  • ҚХП – 3,0%;
  • «Байтақ» партиясы – 1,0%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,1%.

Қоғамдық саясат институтының экзитполы бойынша нәтижелер былай бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 72,3%;
  • «Ауыл» партиясы – 6,2%;
  • Respublica партиясы – 5,2%;
  • «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
  • ЖСДП – 5,0%;
  • ҚХП – 2,8%;
  • «Байтақ» партиясы – 0,9%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,5%.

Осылайша, үш экзитполдың барлығында «Әділет» партиясы бірінші орынға шықты. Партияның көрсеткіші 70,7%-дан 72,3%-ға дейінгі аралықта. Ал үш зерттеуде де екінші орында 6,2–6,4% нәтиже көрсеткен «Ауыл» партиясы тұр.