Олар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.