Астанада желаяқтар сайлауға қатысып, дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Астана тұрғындары спортпен шұғылдану әдетін азаматтық белсенділікпен ұштастырды

Астана қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жүгіруді тұрақты әдетке айналдырған бір топ адам таңғы жаттығудан кейін Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттарын тексерткеннен кейін қатысушылар бюллетень алып, өз таңдауын жасады. Жаттығудан кейін бірден спорттық киіммен келген тұрғындар өзге сайлаушылардың арасынан бірден көзге түсті.