Оған дейінгі шектеулер 2026 жылдың 21 қаңтарында белгісіз мерзімге енгізілген болатын
Нью-Йорктің округтік соты АҚШ билігінің 75 елдің, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь және өзге де мемлекеттердің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтата тұру туралы шешімін толықтай тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW агенттігіне сілтеме жасап.
Оған дейінгі шектеулер 2026 жылдың 21 қаңтарында белгісіз мерзімге енгізілген болатын. Судья Джаннетт Варгас бұл саясаттың заңнамаға қайшы келетінін және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың өкілеттігін асыра пайдалануымен қабылданғанын алға тартты.
Сот қаулысымен аталған саясат Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына қайшы деп танылып, ресми түрде жойылды. Сонымен қатар осы шектеуге негізделіп қабылданған визадан бас тарту туралы бұрынғы шешімдердің де күші жойылды. Шектеу қойылған елдердің тізімінде Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және өзге де мемлекеттер болды. АҚШ билігі бұл қадамды мигранттардың әлеуметтік жәрдемақыларға иек артып, мемлекетке қаржылай жүктеме болуын азайту тілегімен түсіндірген еді.
Айта кету керек, бұл шектеулер туристік, студенттік және іскерлік сияқты визаларға әсер еткен жоқ, олар бұған дейін де әдеттегі режимде беріліп келді.